Астанаға сібір жарасы жұққан ет жеткізілді ме – комитет түсініктеме берді

0
167

​Ветеринариялық бақылау комитеті тұрғындарды ресми дереккөзге сенуге шақырды.


Астанаға сібір жарасы жұққан ет жеткізілді ме – комитет түсініктеме берді

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Астана қаласындағы «Әлем» сауда үйіне сібір жарасы жұққан мал еті жеткізілген туралы ақпарат тарады. Алайда, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ресми түрде түсіндірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Комитеттің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін елордадағы ешбір сауда орнында, соның ішінде «Әлем» сауда үйінде де жұқпалы ет өнімдерінің сатылуы немесе жеткізілуі тіркелмеген.

«Барлық ет өнімі ветеринарлық-санитарлық тексеруден өтеді, тек рұқсат етілген өнімдер ғана сатылады. Сондықтан тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ», – делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған дейін Атбасар ауданында бірен-саран сібір жарасына қатысты жағдай тіркелген болатын. Қазіргі уақытта:

  • Кешенді дезинфекциялық жұмыстар аяқталды;
  • Қауіпті ет өнімдері жойылды;
  • Тұрғындар медициналық тексеруден өтіп жатыр.

Комитет азаматтарды тек ресми дереккөздерге – Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ақпараттарына сенуге шақырды. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретінін ескертті.