Астанада жыл басынан бері балалардың жоғалуына қатысты 2 мыңға жуық хабарлама түскен

0
127

Полиция ата-аналарды бала қауіпсіздігіне жауапты болуға шақырды.


Астанада жыл басынан бері балалардың жоғалуына қатысты 2 мыңға жуық хабарлама түскен

Фото: shkolaaktabanskaya-r45.gosweb.gosuslugi.ru

ERNUR.KZ. Астанада жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың хабар-ошарсыз жоғалуы және үйден өз бетінше кетуіне қатысты "102" арнасына 2 мыңға жуық хабарлама түскен, деп жазады inbusiness.kz.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында жоғалған балалар мен жасөспірімдердің орналасқан жері қысқа мерзім ішінде анықталып, заңды өкілдеріне табысталады.

Полиция мұндай жағдайда ата-аналардың да дер кезінде әрекет етуі маңызды екенін атап өтті. Бала жоғалған жағдайда уақыт жоғалтпай, бірден "102" нөміріне хабарласу қажет.

Мамандар ата-аналарға балаларымен қауіпсіздік ережелерін алдын ала талқылауды, олардың қайда және кіммен баратынын хабарлап отыруын, үнемі байланыста болуын және бейтаныс адамдармен кездесуге келіспеуін түсіндіруді ұсынады.

Полиция ата-аналарды баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударып, оның араласатын ортасы мен жоспарларына қызығушылық танытуға шақырды.