Астанада жас жігіт 16-қабаттан секірмек болды

0
168

Полицейлер оны құтқарып қалды.


Астанада жас жігіт 16-қабаттан секірмек болды

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Астанада жас жігіт 16-қабаттан секірмек болған. Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полицейлер оны құтқарып қалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға барысы

2025 жылдың мамыр айында Астанадағы көпқабатты үйдің 16-қабатынан секірмек болған ер адамды полицейлер құтқарып қалды. Жас жігіт балконның шетінде тұрған, ал бұл туралы хабар Операциялық басқару орталығына келіп түскен.

  • Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік қызметқызметкерлері ер адаммен сөйлесіп, оны сабырға шақырған.
  • Қауіпсіздік мақсатында ер адамды бір полицей қолынан және мойнынан ұстап, екінші қызметкермен бірге қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

Ресми ақпарат

«Құтқарылған азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді. Онда оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, психологиялық қолдау ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», – делінген Астана қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.