Астанада тағы да кран құлап, бір адам қаза тапты – екі адам ауыр хәлде жатыр

0
116

​Бірнеше күн бұрын ғана қалада тағы бір адамның үстіне кран құлап, мерт болған еді.


Астанада тағы да кран құлап, бір адам қаза тапты – екі адам ауыр хәлде жатыр

Фото: t.me/qumash_kz

ERNUR.KZ. Бүгін, 31 тамыз күні Астанадағы құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Құрылыс алаңындағы осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, екі адам жараланды. Жарақат алған адамдар ауруханада жатыр. Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты тергеуді бастап кетті, болған оқиғаның мән-жайы жан-жақты тергеледі», - деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті.