Астанада салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй отқа оранды

0
98

Шұғыл түрде өрт сөндіру оқпандары берілді.


Астанада салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй отқа оранды

ERNUR.KZ. Астанада Сарайшық ауданындағы А-32 көшесінде салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үй өртенді, деп жазады Zakon.kz.


Қазіргі уақытта Астана қаласы ТЖМ құтқарушылары А-32 көшесінде салынғалы жатқан 12 қабатты тұрғын үй өртін сөндіріп жатыр.

Алғашқы бөлімшелер оқиға орнында келген кезде бірінші қабаттан жетінші қабатқа дейін сыртқы қаптамасы ашық жалынға оранған, деп хабарлады ТЖМ 2026 жылғы 6 қыркүйекте.

Шұғыл түрде өрт сөндіру оқпандары берілді. Өртті толық жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.