Астанада екпіні күшті жел салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады (видео)

0
110

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.


Астанада екпіні күшті жел салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады (видео)

Сурет: видео скрині

ERNUR.KZ. Астанада екпіні күшті желдің салдарынан тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбеті құлады. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп жазады zakon.kz.

Оқиғаға қала әкімдігінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Жергілікті билік мәліметінше, оқиға 11 наурыз күні сағат 17:00 шамасында болған. Қатты желдің соққысынан 2015 жылы пайдалануға берілген "Айка" тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі жылу оқшаулағыш қабаты қапталған беттен бөлініп кеткен.