Астанада бір донор үш адамға өмір сыйлады

0
94

Донорлық процесс барысында жүрек, өкпе және бауыр алынды.


Астанада бір донор үш адамға өмір сыйлады

фото: Пресс-служба Министерства здравоохранения РК

ERNUR.KZ. Бүгін түнде Астанада бір донор бірден үш пациентке өмір сүруге мүмкіндік берді, деп жазады sputnik.kz.
Донорлық процесс барысында жүрек, өкпе және бауыр алынды.
Жыл басынан бері Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі 132 әлеуетті донор анықталып, 205 трансплантаттау жасалды.
"Былтыр бұл бағытта айтарлықтай бетбұрыс болды. Бір жылдың ішінде 18 донорлық процесс жүргізілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Ал трансплантаттау саны үш есеге жуық артып, 68-ге жетті. Салыстырмалы түрде алғанда, 2023 жылы 19 ағза, 2024 жылы 23 ағза трансплантатталған болатын", - дейді министрлікте.
Биыл 2025 жылғы нәтиженің бір реттік өсім болмағанын көрсетіп отыр. 11 қыркүйектегі жағдай бойынша 13 мультиағзалық донорлық процесс жүргізілді. Қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 42 трансплантаттау жасалды: 14 бүйрек, 9 бауыр, 11 жүрек, 4 өкпе және 4 мөлдір қабық.