“Асханада тарақандар”: Алматыда балабақша тексеріледі

0
82

Желіде ас үй мен еденде жүрген тарақандар түсірілген видео жарияланған.


“Асханада тарақандар”: Алматыда балабақша тексеріледі

ERNUR.KZ. Алматы балабақшаларының бірінде желіде тараған видеоға байланысты тексеріс жүргізіледі, деп жазады baq.kz.

Желіде ас үй мен еденде жүрген тарақандар түсірілген видео жарияланған. Білім басқармасы бұл кадрлардың шынымен №29 ясли-балабақшасының асханасында түсірілгенін растады.

Ведомствоның мәліметінше, видеоны күзет қызметін көрсететін “Батыр KZ” ЖШС қызметкері қыркүйек айында түсірген. Ал балабақша ғимаратында “Өндірістік кооператив” ЖШС-мен жасалған келісімшартқа сәйкес, дезинфекция мен дератизация жұмыстары тұрақты түрде, тоқсан сайын жүргізіледі.

Айта кету керек, балабақшаға жақын маңда қоқыс контейнерлері орналасқан, олар жәндіктердің көбеюіне және көшуіне себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Әуезов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, – деді басқармада.

Сондай-ақ білім басқармасы балабақшаның қызметін жан-жақты мониторингтен өткізетінін атап өтті.