Қызылорда облысында ер адам өзін жауапқа тартқан учаскелік полицейді өлтірді

0
105

Оқиға кезінде учаскелік инспектор еңбек демалысында болған.


Қызылорда облысында ер адам өзін жауапқа тартқан учаскелік полицейді өлтірді

Фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаза тапты. Полицияның мәліметінше, жанжал кезінде ер адам оны ұрып-соққан. Алған жарақаттарынан полицей көз жұмды, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиға кезінде учаскелік инспектор еңбек демалысында болған. Жанжалға нақты не себеп болғаны әзірше белгісіз. Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, қазір оны іздестіріп жатыр. Полицейдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция не дейді?

Қызылорда облысының полиция департаментінің хабарлауынша, марқұм учаскелік инспектор мен күдікті бұрыннан таныс болған.

– Марқұм учаскелік инспектор күдіктіні отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған, – деп хабарлады полиция.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Өзге ақпарат әзірше жарияланған жоқ.