Амантай қажы екі жылға сотталуы мүмкін

0
102

Шілдеде әлеуметтік желілерде 83 жастағы Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жібергені туралы видео тарады.


Амантай қажы екі жылға сотталуы мүмкін

Фото:Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Алматыда 83 жастағы қоғам қайраткері Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жіберген оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Ақсақал екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады tengrinews.kz.

Шілдеде әлеуметтік желілерде 83 жастағы Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жібергені туралы видео тарады.

Алматы Полиция департаменті Tengrinews.kz-ке берген жауабында осы оқиғаға қатысты ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бұл бап бойынша мың АЕК-ке дейін (2025 жылы 3 932 теңге - 3 932 000 теңге) айыппұл не түзеу жұмыстары, не қоғамдық жұмыстарға 600 сағатқа дейін тарту не екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

"Жарақаттың ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу нәтижесінде шешім қабылданады", - деп жазылған Алматы ПД жауабында.