Алматының ботаникалық бағы 1 сәуірден бастап жаңа жұмыс кестесіне ауысады

0
90

Айдың бірінші дүйсенбісі – санитарлық күн.


Алматының ботаникалық бағы 1 сәуірден бастап жаңа жұмыс кестесіне ауысады

Фото: inbusiness.kz

ERNUR.KZ. Енді мекеме қала тұрғындары мен қонақтарын таңғы сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды, деп жазады inbusiness.kz.

"1 сәуірден бастап ботаникалық бақ жазғы кестесiне көшеді. Біз күн сайын 09:00-ден 20:00-ге дейін ашық боламыз. Касса жұмысындағы техникалық үзіліс сағат 15:00-15.30 аралығында болады. Айдың бірінші дүйсенбісі – санитарлық күн. Санитарлық күн техникалық себептер бойынша немесе айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, кейінге қалдырылуы мүмкін", –делінген мәлімдемеде.