Алматылық әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босанды

0
128

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен тарады.


Алматылық әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босанды

Фото: kris_p_almata

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта баласы мен анасының жағдайы жақсы деп бағалануда, деп жазады inbusiness.kz.

Сирек кездесетін жайт Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы "Шұғыла" шағын ауданында орналасқан тұрғын үй кешенінің ауласында тіркелген.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне шақырту таңғы сағат 06:21-де түскен. Дәрігерлер бригадасы оқиға орнына небәрі 10 минут ішінде жеткен.

Медициналық қызметкерлер келген кезде әйел босанудың белсенді кезеңінде болған. Соның салдарынан нәресте жедел жәрдем зембілінде дүниеге келген.

Дүниеге салмағы 3 370 грамм қыз бала келген. Дәрігерлердің айтуынша, босану сәтті өткен.

Қазір анасы мен жаңа туған сәби дәрігерлердің қатаң бақылауында, екеуінің де жағдайы жақсы.