Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды

0
96

Жәбірленушіге ота жасалды.


Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды

Фото: скрин

ERNUR.KZ. Алматыдағы кафелердің бірінде жанжал туындап, ер адам танысының мойынына пышақ сұғып алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жарақат алған ер адам 45 жаста екені анықталды. Ол ауруханаға жатқызылып, шұғыл ота жасалды.

«Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, қылмыс бұрыннан таныс адамдар арасында кенеттен туындаған сөзталас кезінде жасалған. Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ол – 32 жастағы ер адам. Қылмыс құралы ретінде болжанған пышақ тәркіленді», - делінген полицияның хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.