Алматыда жүргізушіні тапаншамен қорқытқан азамат ұсталды

0
81

Көліктің артында отырған жолаушы тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, жүргізушіден Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апаруды талап еткен.


Алматыда жүргізушіні тапаншамен қорқытқан азамат ұсталды

Фото: Видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Алматының Жетісу ауданында заңға қайшы әрекет жасаған ер адам ұсталды, деп жазады inform.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Солтүстік айналма жолында полиция экипажына «Kia» маркалы автокөлік келіп тоқтаған. Көлік тізгінінде отырған шетел азаматы көліктен шығып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Оны көліктің артында отырған жолаушы тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, жүргізушіден Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апаруды талап еткен.
— Полиция қызметкерлері дереу әрекет етіп, автокөлікті қоршауға алып, күдіктіні ұстады. Тексеру барысында оның қолындағы заттың ойыншық тапанша екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, — деп хабарлады департаменттен.

Сондай-ақ полиция күдіктіні ұстау кезінде жол-көлік оқиғасы тіркелгенін атап өтті. Ресми мәліметке сәйкес, өтіп бара жатқан көліктердің бірінің жүргізушісі оқиғаға алаңдап, такси көлігімен соқтығысқан.