Алматыда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған адам қаза тапты

0
178

Ер адам жол бойында орналасқан екі жерасты өткелінің бірін пайдаланбай, көлік жолын кесіп өтпек болған.


Алматыда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Алматыда 4 қыркүйекке қараған түні жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ер адамды Subaru Outback көлігі қағып кетті, деп жазады zakon.kz.

Оқиға Райымбек даңғылында, "Барлық" және "Алтын Орда" базарларының қарсы бетінде болған. Ер адам жол бойында орналасқан екі жерасты өткелінің бірін пайдаланбай, көлік жолын кесіп өтпек болған.

Шығыс бағытта келе жатқан көлік бір сәтте ер адамды қағып кеткен. Жарақат алған адам жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Куәгерлердің айтуынша, Subaru Outback жүргізушісі соқтығысудан барынша қашуға тырысқан. Олардың пайымдауынша, ер адам асфальтқа қатты құлап, соның салдарынан қаза болған болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта жол апатына қатысты барлық мән-жайларды жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен криминалистер анықтап жатыр. Қаза тапқан ер адамның жеке басы да анықталуда.