Алматыда университет ғимараты жекенің қолына өтіп кеткен

0
254

Сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды.


Алматыда университет ғимараты жекенің қолына өтіп кеткен

© Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Алматыда ұлттық жоғарғы оқу орнының ғимараты жекенің қолына өтіп кеткен, деп хабарлайды қалалық прокуратура, деп жазады sputnik.kz.
Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратын заңсыз жекеге беріп жіберген. Ғимараттың аумағы – 208 м².
"Прокуратураның талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Сот актісі заңды күшіне енді. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы уәкілетті орган қайтарылған активке бағалау жүргізіп жатыр", - дейді прокуратура.
Мемлекеттік мүлікті пайдалану және иеліктен шығарудың заңдылығын Алматы қаласы прокуратурасы қадағалайды.