Алматыда түнгі жаңбырдан кейін 13 көлік зақымданды

0
99

Бұған дейін мердігер компания – "Спецстрой Групп ЛТД" ЖШС мұнда су құбыры мен кәріз жүйесін жүргізген.


Алматыда түнгі жаңбырдан кейін 13 көлік зақымданды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Әуезов ауданы әкімдігінің хабарлауынша, Аманжол көшесіндегі жағдайға жаңбыр түрткі болған. Ведомство мәліметінше, су жолдағы жүктеменің күрт артуына әкеліп, соның салдарынан ойықтар пайда болған, деп жазады zakon.kz.

Бұған дейін мердігер компания – "Спецстрой Групп ЛТД" ЖШС мұнда су құбыры мен кәріз жүйесін жүргізген. Жұмыстардан кейін асфальт төселмеген, себебі газ құбырын тарту да жоспарланған болатын.

Қазір көше көлік қозғалысы үшін жабылды. Таңертең зақымданған көліктерді эвакуациялау жұмыстары басталатыны айтылды.

"Сонымен қатар мердігер ұйым зақымданған автокөлік иелеріне шығынды толық өтеуге міндеттеледі. Мәселе Алматы қаласы әкімдігінің бақылауында", – делінген әкімдік хабарламасында.