Алматыда офицер қол астындағы сарбазға күш көрсетіп, демалыс уақытында жұмысқа салған

0
125

Бұл іс Алматы гарнизонының әскери сотында қаралды.


Алматыда офицер қол астындағы сарбазға күш көрсетіп, демалыс уақытында жұмысқа салған

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Алматыда өзіне бағынышты сарбазға күш қолданып, оны демалыс уақытында заңсыз жұмысқа тартқан офицер сотталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Офицер қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, қол астындағы әскери қызметкерге физикалық қысым көрсеткен. Сонымен қатар сарбазды белгіленген демалыс уақытында жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

Бұл іс Алматы гарнизонының әскери сотында қаралды. Офицерге қатысты Қылмыстық кодекстің 451-бабы 1-бөлігі (билікті немесе қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша айып тағылды.

«АҒА ЛЕЙТЕНАНТ» ШЕНІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуге дайын екенін білдірді.

Сот оның кінәсін мойындауын жеңілдететін мән-жай ретінде ескергенімен, әскери антты бұзуын ауырлататын жағдай деп бағалады. Нәтижесінде офицер 2 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сондай-ақ ол «аға лейтенант» әскери шенінен айырылды. Енді сот шешіміне сәйкес жәбірленушіге келтірілген шығынды өтеуі тиіс.