Алматыда метро ішінде төбелескен екі жігіт 86 мың теңгеден айыппұл арқалады

0
95

Оқиға сәті бейнежазбаға түсіп қалған.


Алматыда метро ішінде төбелескен екі жігіт 86 мың теңгеден айыппұл арқалады

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Алматы метрополитенінде екі жігіт арасында төбелес орын алды, деп жазады zakon.kz.

Оқиға сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Әрекет бірден полицияның назарын аударды.

Алматы қаласы бойынша Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, пойызда басталып, метрополитендегі станциялардың бірінің платформасында жалғасқан төбелеске қатысты құқықтық шаралар қабылданды. Жанжалға қатысқан екі азамат ұсталып, жиналған материалдар сотқа жолданды.

"Сот шешімімен құқық бұзушылар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы – 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды",- делінген ақпаратта.