Алматыда Қытай азаматын алдап, ақша бопсалаған топ ұсталды

0
97

Алматыда құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп танысып, Қытай азаматтарынан ақша бопсалаған бір топ адамның қылмыстық әрекеті әшкереленді.


Алматыда Қытай азаматын алдап, ақша бопсалаған топ ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда полицейлер шетелдік азаматтардан ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады, деп tengrinews.kz.

Алматыда құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп танысып, Қытай азаматтарынан ақша бопсалаған бір топ адамның қылмыстық әрекеті әшкереленді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер шетелдіктерден шамамен 5,5 миллион теңге көлемінде қаражат алған.

Тергеу барысында топ мүшелері бірігіп әрекет етіп, алдымен көшеде жүрген шетелдік азаматтардың біріне өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырғаны анықталды. Одан кейін олардың уақытша тұрып жатқан мекенжайына бірге барып, ақша талап еткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Күдіктілердің тұлғасы қысқа уақыт ішінде анықталды. Біз олардың азаматтарды алдап, жалған полиция қызметкері ретінде ақша талап ету әрекеттерін дер кезінде тоқтаттық. Қазіргі уақытта бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.