Олар өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен тыныс алып жатыр.
ERNUR.KZ. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 2 адамның ауыр халде жатқанын мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Олар өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен тыныс алып жатыр.
«Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді. Алматы облысынан келген 1 пациентті ескерсек, қаладағы инфекциялық стационарларда КВИ жұқтырған 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар. Екі ересек адамның жағдайы ауыр. Оның біреуі әйел, екіншісінің кеше жағдайы қиындаған соң, арнайы аппаратқа қостық», - деді Тілеухан Әбілдаев.