Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

0
335

Өрт 13-ші қабаттағы пәтер шыққан.


Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 шілде күні «101» пультіне Бостандық ауданы, Бұқар жырау 27/5-ге көшесіндегі көпқабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12:43-те келді. Олар 13-ші қабаттағы пәтерден түтін шығып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялады, өртке қарсы шаралар қолға алынды»,- деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.

Алдын ала ақпарат бойынша өрт 20 шаршы метр жерді шарпыған.