Алматыда қоймадан шыққан өрт 1000 шаршы метрді шарпыды

0
459

​Қоймадан шыққан өртті сөндіруге 40 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.


Алматыда қоймадан шыққан өрт 1000 шаршы метрді шарпыды

ERNUR.KZ. Алматының Алатау ауданында өрт сөндірушілер бір сағат бойы қоймадан шыққан өртпен алысты, деп жазады sputniknews.kz.

Немирович-Данченко көшесі, №21 үйден шыққан өртке өрт сөндірушілер таңғы 9:39-да келген. Сол уақытта өрт нысан шатырына жетіп, тауар сақтаулы тұрған көрші ғимаратқа тарау қаупі болды.

Өртті 40 өрт сөндіруші мен 16 техника сөндірді.
"Қойма ішіндегі тауардың жанып кетуіне, жанындағы басқа қоймаларға оттың таралуына жол берілмеді", - деп атап өтті ТЖД.
Өрт сағат 10.50-де ауыздықталып, сағат 11.33-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.