Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
Сурет: freepik
ERNUR.KZ. Құқық қорғау органдары, "Қазақтелеком" және "Кселл" АҚ арасында жасалған өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде қала прокуратурасының үйлестіруімен Алматы полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік алаяқтық call-орталықтың заңсыз қызметінің жолын кесті, деп жазады zakon.kz.
Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
Қаскүнемдер SIP-нөмірлерді сатып алып, пайдаланған, олар арқылы ақша қаражатын ұрлау мақсатында азаматтарға мыңдаған алаяқтық қоңыраулар жасаған.
Жүргізілген жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде call-орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін серверлер анықталып, токтан/желіден ажыратылды. Заңсыз әрекеттер толығымен тоқтатылды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.


