Алматыда қатты жер сілкінісі болмайды – сейсмологтар

0
46

Бүгін қала тұрғындары 3 балдық жерасты дүмпуін сезді.


Алматыда қатты жер сілкінісі болмайды – сейсмологтар

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Алматы қаласында қатты жер сілкінісі күтілмейді. Бұл туралы Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерік Әліпұлы мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бүгін, 4 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 12:44-те Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген болатын.

«2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атап өтеміз. Алматы болжамдық полигоны аумағында MSK-64 сейсмикалық шкаласы бойынша қатты жер сілкінісі күтілмейді», - деді Ерік Әліпұлы.