Алматыда қатты дауылдан 18 жастағы қыздың үстіне ағаш құлап, ауыр халде жансақтау бөліміне түсті

0
124

Желіде тараған хабарламада Селина Абитова есімді қызға жедел қан құю керек екені айтылған.


Алматыда қатты дауылдан 18 жастағы қыздың үстіне ағаш құлап, ауыр халде жансақтау бөліміне түсті

ERNUR.KZ. Алматыда қатты желден 18 жастағы бойжеткенге ағаш құлап, ауыр қалде жансақтау бөліміне түсті. Қазір жақындары қызға қосымша қан керек екенін айтып, қазақстандықтардан көмек сұрауда, деп жазады stan.kz.

Желіде тараған хабарламада Селина Абитова есімді қызға жедел қан құю керек екені айтылған.

“Кешегі қатты желден соң 18 жастағы қызға ағаш құлады. Қазір ол ауыр жағдайда өмірмен күресіп жатыр.Науқасқа IV (төртінші) оң қан тобы қажет. Басқа топтар да қарастырылады. Әр тамшы қан өмір сүруге мүмкіндік”, – делінген хабарландыруда.

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаны растады.

“27 маусымда науқас жедел жәрдем бригадасымен аса ауыр жағдайда №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Жағдайының ауырлығына байланысты ол қабылдау бөліміне емес, бірден анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы әлі де аса ауыр. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ауруханада оған екі рет гемотрансфузия – қан және оның компоненттері құйылды. №4 қалалық клиникалық аурухана медициналық көмек көрсету үшін қажетті қан қорымен толық қамтамасыз етілген. Дәрі-дәрмек, қан және оның компоненттерінің тапшылығы жоқ. Медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамаларына сәйкес толық көлемде көрсетіліп жатыр”, – деді ведомство.