Алматыда ірі өрт болды

0
321

​Өрт кәуап жасайтын бөлмеде басталып, жалын кафенің, дүкеннің ғимаратына және екінші қабатқа жайылған.


Алматыда ірі өрт болды

ERNUR.KZ. Бейсенбі күні кешке Алматының Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан BRASS PUB дәмханасында өрт шықты, деп жазады sputniknews.kz.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 23.26-да келді. Олар өрттің ас үйден (кәуап жасайтын бөлмеден) жанындағы дүкенге және әкімшілік ғимаратының екінші қабатына жайылғанын анықтады.

Өртті бір сағаттан астам уақыт ішінде 19 техниканың көмегімен 70 өрт сөндіруші сөндірді.

Осылайша, өрт 00.57-де оқшауланып, 01.05-те жалпы алаңы 260 шаршы метр толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қабылданған шаралар нәтижесінде іргелес үш қабатты кеңсе ғимараты мен BRASS PUB дәмханасы сақталды.