Қылмыстық істен бөлек, ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке де тартылған.
фото: nytimes.com
ERNUR.KZ. Алматы қаласындағы «Ақкент» шағынауданында ер адам подъезде қызға шабуыл жасаған. Полиция оның анықталып, ұсталғанын хабарлады, деп жазады ulysmedia.kz.
Агрессивті әрекет бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алдымен ер адам лифт күтіп тұрған кезде подъезд ішінде қабырғаларды ұра бастаған. Кейін жанында тұрған қызды дөрекі түрде шашынан ұстап, лифт кабинасының ішінде күш көрсеткен.
Полиция мәліметінше, күдікті анықталып, ұсталған. Ол – 26 жаста.
– Қоғамдық орында агрессивті мінез-құлық танытқан. Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің әрекетіне қылмыстық заңнама аясында құқықтық баға беріледі, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД.
Қылмыстық істен бөлек, ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке де тартылған.
КОНТЕКСТ
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшейтілгеніне қарамастан, әйелге жұдырық ала жүгіретіндер мен балаға зорлық-зомбылық көрсететіндер тиісті жазаға тартылмай жатқаны, заңның әлсіз тұстары мен құзырлы органдардың әрекетсіздігі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі.


