Алматыда ер адам автобустың жолын бөгеп, жүргізушіні пышақпен қорқытқан

0
91

Автобусқа кедергі жасаған жеңіл көлік жүргізушісі төбелеспек болған.


Алматыда ер адам автобустың жолын бөгеп, жүргізушіні пышақпен қорқытқан

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Алматыда автобус жүргізушісімен жанжалдасып, пышақпен қорқытқан адам ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Автобусқа кедергі жасаған жеңіл көлік жүргізушісі төбелеспек болған. Тіпті пышақ көрсеткен. Бұл туралы куәгерлердің бірі әлеуметтік желіде жазды.
"Бүгін сағат 08:45-те ер адам №120 автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, жолда қауіпті жағдай туғызды. Содан кейін ол автобусқа барып, жүргізушіге тап беріп, пышағын алып шықты. Шара қабылдауды және оны жауапкершілікке тартуды сұраймын", - деп жазды куәгер.
Алматы қалалық полиция департаменті жанжал шығарған адамды ұстаған.
"16 қыркүйекте сағат 08:50 шамасында "Буран-179" экипажы патрульдеу кезінде Алматы көшелерінің бірінде адам жиналғанын байқады. Автобус жүргізушісі мен жеңіл автомобиль жүргізушісі арасында жанжал болған", - дейді ведомство.
Жеңіл көлік жүргізушісі көлік қозғалысына кедергі келтіргені және төтенше жағдай жасағаны үшін, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс сотқа жіберіледі, дейді полиция.