Алматыда ер адам автобуста қарт жолаушыны ұрып-соқты

0
142

Ер адамның жұбайының айтуынша, олар автобуста күйеуінің қарындасымен бірге келе жатқан. Сол кезде мас күйдегі қарт адам балаға тиісе бастаған.


Алматыда ер адам автобуста қарт жолаушыны ұрып-соқты

ERNUR.KZ. Алматыдағы автобустардың бірінде ер адам мен қарт жолаушы арасында жанжал шықты, деп жазады baq.kz.

Желіде тараған видеода ер адам қарияны ұрып-соғып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, олар аялдамада түскеннен кейін төбелес көшеде де жалғасқан.

Желі қолданушыларының жазуынша, бәрі біржақты емес. Ер адамның жұбайының айтуынша, олар автобуста күйеуінің қарындасымен бірге келе жатқан. Сол кезде мас күйдегі қарт адам балаға тиісе бастаған. Бұған ашуланған азамат видеодағы іс-әрекеттерді жасаған.

Қазіргі таңда ер адамның жеке басы анықталып, ұсталды. Енді қарт жолаушы іздестіріліп жатыр.

Осы дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Құқық бұзушы анықталды және ұсталды. Оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жәбірленушінің орналасқан жері анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады, – деп хабарлабы қалалық полиция департаменті BAQ.KZ тілшісіне.