Алматыда екіқабатты қоймадан шыққан алапат өрт сөндірілді

0
89

23 қарашада таңертең Жетісу ауданында жеке тұрған екіқабатты қойма өртеніп, өрт сөндірушілер оқиға орнына жоғары дабыл белгісі бойынша атанған болатын.


Алматыда екіқабатты қоймадан шыққан алапат өрт сөндірілді

ERNUR.KZ. Алматыда Жетісу ауданында болған екіқабатты қойма өрті сөндірілді, деп жазады Zakon.kz.



ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 2025 жылы 23 қарашада 2500 метр ауданды қамтыған алапат өрт сөндірілгенін хабарлады.

"Зардап шеккендер жоқ. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпкерлердің тауарлық-материалдық құндылықтарының едәуір бөлігі өрттен аман сақталып қалды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

23 қарашада таңертең Жетісу ауданында жеке тұрған екіқабатты қойма өртеніп, өрт сөндірушілер оқиға орнына жоғары дабыл белгісі бойынша атанған болатын. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 80 адам, 21 техника, сондай-ақ Алматы қалалық ТЖД-ның өрт сөндіруші автопойызы тартылды.