​Алматыда дәрігерлер үйінде жарақат алған ер адамның жыныс мүшесіне протез салып берді

0
128

Алматыда ер адам үйінің құрылыс жұмыстары кезінде жамбас сүйегін сындырып, несеп жолын үзіп алды.


​Алматыда дәрігерлер үйінде жарақат алған ер адамның жыныс мүшесіне протез салып берді

Фото: Pexels

ERNUR.KZ. №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері оған жыныс мүшесінің протезін салып берді, деп жазады stan.kz.
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері ауыр жамбас және несеп-жыныс жүйесі жарақаттап алған. Науқастың жасы 40-та.
“Мұндай жарақаттар урология мен травматологиядағы ең күрделі жағдайлардың қатарына жатады және өлімге әкелуі мүмкін. Науқас аман қалған жағдайда мұндай жарақаттар әдетте зәр шығарудың ауыр бұзылыстарына, мүгедектікке және ағзаның маңызды функцияларының жоғалуына әкеліп жатады”, – деп мәлімдеді Алматы қаласының денсаулық сақтау департаменті.

№7 қалалық клиникалық аурухананың директоры, PhD докторы Нурдос Кадырбековтің айтуынша, бұл клиникалық жағдай заманауи урология мен реконструктивті ортопедияның мүмкіндіктерін көрсетеді.

"Мұндай жарақаттар клиникалық тәжірибеде ең ауыр әрі сирек кездесетін жағдайлардың бірі саналады. Мамандарымыздың кәсіби біліктілігі мен заманауи технологияларды қолданудың арқасында біз науқастың өмірін сақтап қана қоймай, жоғалған функцияларын қалпына келтіріп, оның толыққанды өмір сапасына қайта оралуына мүмкіндік бердік", — деп атап өтті Нурдос Кадырбеков.