Зерттеу барысында баланың сол жақ негізгі бронхында бөгде зат тұрғаны анықталған.
фото:baq.kz.
ERNUR.KZ. Алматыда дәрігерлер пневмония мен бронхиттен емделіп жүрген 5 жасар баланың тыныс жолдарынан тир мылтығының оғын алып шықты. Ұзақ уақыт бойы диагнозы нақтыланбай келген балақайдың өмірін кездейсоқ жасалған компьютерлік томография сақтап қалған, деп жазады baq.kz.
Оқиға қалай болды?
Бес жасар бала біраз уақыт бойы өкпе қабынуы мен бронхит белгілерімен емделіп, дәрігерлердің бақылауында болған. Алайда стандартты ем шаралары айтарлықтай нәтиже бермеген соң, мамандар баланы рентген мен кеуде торының КТ тексерісіне жібереді.
Зерттеу барысында баланың сол жақ негізгі бронхында бөгде зат тұрғаны анықталған.
Дәрігерлер дереу бронхоскопиялық ота жасап, тыныс алу жолына кептеліп қалған темірді алып шықты.
Белгілі болғандай, бала байқаусызда тир мылтығының оғын жұтып қойған.
Мамандар не дейді?
Отаны жасаған дәрігер бұл жағдайды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, ата-аналарға үндеу тастады. Маманның айтуынша, бронхқа түскен бөгде зат жиі жағдайда кәдімгі суық тию немесе бронхит белгілерін беріп, диагноз қоюды қиындатады.
5 жасар ұл бала пневмония-бронхитпен емделіп жүріп, оған кездейсоқ ретген және кеуде торының КТ жасалды. Сол жақ негізгі бронхтан бөгде зат анықталған. Бронхоскопиямен бөгде зат алынды. Ата-аналар балаларымызға сақ боламыз, - деп ескертті дәрігер.


