Алматыда бетін тұмшалаған әйелдер жауапқа тартылды

0
88

Оларға ескерту түріндегі жаза қолданылды.


Алматыда бетін тұмшалаған әйелдер жауапқа тартылды

фото: AFP 2024 / Fayez Nureldine

ERNUR.KZ. Алматыда жарнамаға түсу үшін бетін тұмшалаған әйелдер жауапқа тартылды, деп жазады sputnik.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан бетін тұмшалаған бірнеше әйелдің қоғамдық орында жүргенін көруге болады. Олардың қасында ер адам болған.
"Тексеру нәтижесінде аталған роликтің коммерциялық мақсатта түсірілгені белгілі болды. Қатысушылардың кейбірі қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін киімді киіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Жинақталған материалдар қаралып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ескерту түріндегі жаза қолданылды. Сонымен қатар, олармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.