Алматыда автосалон алдында су жаңа көлікті ұрлап әкетті

0
118

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.


Алматыда автосалон алдында су жаңа көлікті ұрлап әкетті

фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Алматы облысында автосалон тұрағынан автокөлік ұрлады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп жазады BAQ.KZ.

Тергеу мәліметінше, қылмыс Бесағаш ауылында болған. Алдын ала сөз байласқан бірнеше адам автосалоннан Changan CS55 Plus маркалы көлікті айдап әкеткен.

Күдіктілер Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталған.

Кейін ұрланған автокөлік Түркістан облысының Жетісай қаласы аумағынан табылды. Көлік тергеу әрекеттері аясында тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.