Алматыда автобус жүргізушісі телефонын шұқылаймын деп бойжеткенді қағып кетті (ВИДЕО)

0
81

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды


Алматыда автобус жүргізушісі телефонын шұқылаймын деп бойжеткенді қағып кетті (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Алматыда телефонын шұқылаймын деп бойжеткенді қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Кеше сағат 10:54-те Алматы қаласының Алмалы ауданында Төле би даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесімен қиылыста 2007 жылы туған қыз баланы қағып кеткен. Ол жолдан өтуге арналған белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.


Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Автобус жүргізушісі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Әсіресе жолаушы тасымалдаумен айналысатын жүргізушінің жолда ұялы телефонға алаңдауы – мүлде жол беруге болмайтын әрекет. Әр жүргізуші жолда барынша мұқият болуы тиіс, өйткені оның назарында – адамдардың өмірі. Алматы қаласының полициясы қоғамдық көлік және жеке автокөлік жүргізушілерін тағы да жолда сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндірмеуге шақырады», – деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.