Алматы вокзалында пышақ ұстаған ер адам ұсталды

0
69

"Алматы-1" теміржол станциясы аумағында ер адам суицид жасамақ болған.


Алматы вокзалында пышақ ұстаған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері адам өмірін сақтап қалды, деп жазады tengrinews.kz.

"Алматы-1" теміржол станциясы аумағында ер адам суицид жасамақ болған. Бұл туралы жасақ қызметкерлеріне жолдан өтіп бара жатқан азамат хабарлаған.

"Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер қолында пышағы бар, күйзеліске ұшыраған азаматты анықтады. Ер адам не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндіре алмаған. Полиция жағдайды жедел бақылауға алып, ер адамның өзіне зиян келтіруіне жол бермеді, айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті", - деп жазылған хабарламада.

Кейін ол медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылған.