Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

0
91


Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады Zakon.kz.


Алайда Алматы полиция департаменті мұны жоққа шығарды.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және фактілерді бұрмалау болып есептеледі.

"Ауданаралық әкімшілік сот азамат А.-ны жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салды", – делінген хабарламада.

Полиция департаменті тұрғындарды тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне сенуге үндеді, себебі жалған ақпарат таратудың заң бойынша жауапкершілігі бар.