Алматы тауларында Қатардан келген турист жарақаттанды

0
139

Жарақаттанған шетел азаматшасын ТЖМ құтқарушылары эвакуациялады.


Алматы тауларында Қатардан келген турист жарақаттанды

ERNUR.KZ. Алматы тауларында жарақат алған шетелдік туристке көмек көрсетілді, деп жазады baq.kz.

Жарақаттанған шетел азаматшасын ТЖМ құтқарушылары эвакуациялады.

Алматы қаласының Бостандық ауданында, Алма-Арасан шатқалында (теңіз деңгейінен 1780 метр биіктікте) турист әйел аяғын жарақаттап алып, шұғыл қызметтерден көмек сұрады. Құтқарушылар оқиға орнына жедел шықты. Алма-Арасан шатқалына жеткен соң олар 1966 ж.т. Қатар Республикасының азаматшасын зембілдің көмегімен қауіпсіз түрде экопостқа дейін жеткізіп, сол жерде күтіп тұрған жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.