​Алматы облысында шекара заставасындағы өрттен 2 адам қаза тапты

0
122

Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


​Алматы облысында шекара заставасындағы өрттен 2 адам қаза тапты

Фото: Freepik / ЖИ

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік тұрғын үй өртенді, деп жазады inform.kz.

Оқиға орнына жеткен облыстық төтенше жағдайлар департаменті күштері өртті толық сөндірді. Төтенше жағдайдан әскери қызметші мен оның баласы көз жұмды.

Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
– Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр, - делінген хабарламада.