Алматы облысында полиция қызметкері әйелін көлікпен қағып өлтірді

0
85

Әйелді көлікпен қағып кеткен деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.


Алматы облысында полиция қызметкері әйелін көлікпен қағып өлтірді

Фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы облысының Балқаш ауданында болған жол апаты туралы ақпарат тарады, деп жазады inform.kz.

Желіде тараған мәліметке қарағанда, 38 жастағы әйелді көлік қағып кеткен. Кейбір ақпарат көздерінде рөлде марқұмның күйеуі — полиция қызметкері болғаны жазылған.

Оқиғаға байланысты Алматы облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.

Ведомствоның мәліметінше, әйелді көлікпен қағып кеткен деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

— Оқиға салдарынан әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екені айтылды.

Полиция өкілдері ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.