Алматы облысында иттер 52 жастағы әйелді талап тастады

0
295

Жәбірленушінің көршісі өз үйінің аумағында 20-25 ит ұстаған.


Алматы облысында иттер 52 жастағы әйелді талап тастады

фото: tengrinews.kz.

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Қарасай ауданында бір топ иттің әйелді талап жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 17 ақпанда Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 52 жастағы әйелді бір үйдің ауласында иттер үйірі талаған. Зардап шеккен азаматша көптеген жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері жұмыс істеп жүр.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, процестік тексеру жүргізіледі.

Полиция 60 жастағы күдіктіні анықтады. Ол иттердің иесі болып шыққан. Мәліметке сәйкес, жәбірленушінің көршісі өз үйінің аумағында 20-25 ит ұстаған. Ер адам Қарасай аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке де тартылған.

Жануарларды аулаумен айналысатын мердігер ұйым - жеке кәсіпкер Әбдіқалов. Қазір көрсетілген мекенжайда бұралқы иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.