Жол апаты Көлсай көлдерінің маңында болған.
фото: Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Алматы облысы Кеген ауданында филиппиндік турист қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
Жол апаты Көлсай көлдерінің маңында болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша филиппиндіктерді тасымалдаған Саты ауылының тұрғыны көлік жылдамдығын асырып жіберген. Оқиға 30 қарашада болған.
Полиция жүргізуші қамауға алынғанын айтты.
"Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, Toyota Sequoia жүргізушісі көлік рөлінде ие бола алмай, аударылып кеткен. Бір жолаушы сол жерде қайтыс болды. Тағы бесеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді", - деп түсіндірді департамент.
Кейіннен туристер Кеген аудандық ауруханасынан Алматыға ауыстырылған.
"Біреуінің жағдайы ауыр, төртеуі қанағаттанарлық", - дейді аудандық аурухана мамандары.
Жансақтау бөліміне түскен филиппиндік арнайы медициналық көлікпен тасымалданған.


