Алматы облысында 4 жасөспірім мұз астына түсіп кетті: біреуі көз жұмды

0
681

Үш баланы куәгер балықшы құтқарып қалған.


Алматы облысында 4 жасөспірім мұз астына түсіп кетті: біреуі көз жұмды

© ТЖМ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Алматы облысында төрт жасөспірім мұз астына түсіп кетті, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылында болған.
"Бүгін Алматы облысының 112 пультіне су қоймасына жасөспірімнің батқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖМ және ҚР РЖҚЖ құтқарушылары шұғыл жетті. Анықталғандай, төрт жасөспірім ойын кезінде жұқа мұзға шығып, байқаусызда суға түсіп кеткен", - дейді құтқарушылар.
Үш баланы куәгер балықшы құтқарып қалған. Алайда төртіншісін құтқара алмады. Оның денесін сүңгуірлер судан шығарып, полиция қызметкерлеріне берді.