Алматы маңында 3,3 баллдық жер сілкінісі тіркелді

0
145

​Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.


Алматы маңында 3,3 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Алматы маңында жер сілкінісі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым жерде магнитудасы 3,3 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулері 2026 жылғы 22 сәуірде Астана уақытымен сағат 04:26-да болған.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Күнгей Ала-Тоо жотасы маңында орналасқан.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.