Алматы кептелісімен күрес: енді студенттердің бір бөлігі сабаққа кешірек барады

0
109

Бұған дейін полиция департаменті пик сағаттардағы негізгі жүктемені оқушылар мен студенттер тудыратынын айтқан болатын.


Алматы кептелісімен күрес: енді студенттердің бір бөлігі сабаққа кешірек барады

ERNUR.KZ. Алматыда бірқатар колледждер мен университеттер пик сағаттардағы жолдағы кептелістерді азайту мақсатында сабақтың дифференциалды кестесіне өтті, деп жазады baq.kz.

Қала билігі қыркүйек айының басында жолдағы трафикті жақсарту үшін бірқатар шараларды жариялады:

— мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күні басталу уақыты 9.00-ден 8.30-ға ауыстырылып, түскі үзіліс ұзартылды;
— мемлекеттік органдар қызметкерлерін қашықтан жұмыс форматына көшіру мәселесі талқыланды;
— ЖОО мен колледж басшыларына оқу сабақтарының басталу уақытын дифференциациялауды ұсынды.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл бастаманы 88 колледж және университеттердің 90%-дан астамы қолдады. Кейбір оқу орындары сабақтарын 8.00-де бастайды, басқалары – 10.00-де.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінің басым бөлігі 8.30-дан басталатын жаңа жұмыс кестесіне өтті, ешкімді “қашықтан жұмысқа” ауыстырмаған.

Әкімдік қызметкерлерінің жұмыс күнін жылжыту кептелістерге айтарлықтай әсер етпейді, алайда бұл шара мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа тезірек жетуіне мүмкіндік береді, – деп атап өтті әкімдік.

Бұған дейін полиция департаменті пик сағаттардағы негізгі жүктемені оқушылар мен студенттер тудыратынын айтқан болатын.