138 жолаушысы бар ұшақ Делиге 05: 51-де қонған.
фото: Авиакомпания Air Astana
ERNUR.KZ. Алматы-Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындайтын ұшақ техникалық себеппен Дели әуежайына қонды, деп жазады sputnik.kz.
138 жолаушысы бар ұшақ Алматыдан 01: 00-де ұшып шығып, штаттық режимде 05: 51-де Делиге қонған.
"Барлық жолаушыға тамақ беріледі, уақытша визалар ресімделді, әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр", - деп жазды Air Astana.
Әуе компаниясның мәліметінше, Бангкокқа рейсті жалғастыру үшін резервтік борт дайындалып жатыр.
Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі басты назарда, дейді компания.


