Алматыда 2025 жылғы 4 қараша күні кешке алғашқы қар жауды.
Фото: Александр Павский/ Kazinform
ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайында қолайсыз ауа райы салдарынан ұшу кестесі бұзылып жатыр. Олардың көбі ұшып келетін рейстер, деп жазады inform.kz.
Онлайн-таблодағы деректерден ішкі және халықаралық бағыттар бойынша кейбір рейстер кешігіп жатқанын көруге болады. Мысалы, Новосибирск, Астана және Ақтау бағыттары бойынша ұшу кейінге шегерілсе, Новосибирск, Астана, Өскемен, Ташкент, Қарағанды, Семей, Ақтөбе, Орал, Дели, Фукуок, Шарм-эль-Шейх және Дубайдан келетін рейстер де кешігіп жатыр.
Еске салайық, Алматыда 2025 жылғы 4 қараша күні кешке алғашқы қар жауды.
Қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр: көшелердің тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 918 арнайы техника мен 2 550 жол жұмысшысы жұмылдырылған.
Кейбір аудандарда жаңбыр мен қардан электр қуаты өшіп қалды.


