Жиында сондай-ақ хатшылықтың келесі – XXIV отырысын өткізу мерзімі қаралды.
ERNUR.KZ. Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының XXIII отырысы өтіп, онда VIII Съездің қорытынды декларациясының жобасы мақұлданды, деп жазады baq.kz.
Жиында сондай-ақ хатшылықтың келесі – XXIV отырысын өткізу мерзімі қаралды.
Бұл мәселе бұған дейін жұмыс тобында талқыланған. Осыған байланысты жұмыс тобының ұсынысын қолдап, хатшылықтың келесі отырысын 2026 жылдың 7 қазанында Астанада өткізуді жөн деп санаймын. Ал тоғызыншы Съезді 2028 жылы елордада ұйымдастыру ұсынылып отыр. Нақты күндері кейінірек белгілі болады, – деді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының басшысы, Қазақстан Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.