Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады

0
141

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталады.


Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады

ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстандағы алдағы күндердегі ауа райына болжам жасады, деп жазады ulysmedia.kz.

Бейсенбі, 27 тамызда солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райын қалыптастырады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

Елдің батысында Скандинавия антициклонының ықпалымен бұлт азайып, жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Антициклон шығысқа қарай жылжыған сайын жауын-шашынсыз ауа райы жалғаса береді.

Ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Күндіз батыста +16…+24 °С, солтүстікте +12…+20 °С, орталықта +17…+25 °С болады. Ал шығыста ауа температурасы +23…+30 °С-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +30…+37 °С-қа дейін жетеді.